Футзалдан Қазақстан құрамасы әлем чемпионатының ширек финалына шықты
26 қыркүйек, 2024
Фото: kff.kz
Футзалдан Қазақстан командасы Өзбекстанда өтіп жатқан әлем чемпионатының 1/8 финалына шықты, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Ширек финалға жолдама беретін матчта қазақстандықтар қазіргі әлем чемпионы Португалияға қарсы ойнады.
Ойында алғаш болып Шыңғыс Есенаманов есеп ашса, қарсыластар Зикидің көмегімен теңестірді.
Ал екінші кезеңнің ең соңғы сәттерінің бірінде Дәурен Тұрсағұлов біздің команданы алға шығарып, Қазақстан 2:1 есебімен жеңіске жетті.
Осылайша, Қазақстан командасы әлем чемпионатының ширек финалына өтті. Ширек финалда отандастарымыз Аргентина - Хорватия командалары арасындағы ойын жеңімпазымен бақ сынасады.
Ұқсас жаңалықтар
21 желтоқсан, 2025
Мәскеуден келген жас спортшылар «Барыстың» ойынын тамашалады
21 желтоқсан, 2025
Елордада еліміздің үздік көркем гимнасшылары шеберлік көрсетті
21 желтоқсан, 2025
Астанада Мәскеу күндері аясында дзюдодан жолдастық кездесу өтті
20 желтоқсан, 2025
Елордада «Хан Шатыр» сауда орталығында көркем гимнастикадан ашық фестиваль өтті