09.11.2025
RU
Мәзір

Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Футзалдан Қазақстан құрамасы Еуропа чемпионатының өтпелі ойынына жолдама алды

|
Photo: Фото: kff.kz
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Футзалдан Қазақстан құрамасы Еуропа чемпионатының өтпелі ойынына жолдама алды

|
Photo: Фото: kff.kz

Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасы Еуро-2026 чемпионатына іріктеу кезеңінде екінші орын алған командалар арасынан үздік сегіздікке еніп, плей-офф ойындарына қатысу мүмкіндігіне ие болды, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан құрамасы іріктеу кезеңінің 6-тобында өнер көрсетіп, 10 ұпай жинап, екінші орынды иеленді. Топтың жеңімпазы болып 16 ұпаймен Армения құрамасы танылды.

Қазақстан құрамасының ойын нәтижелері:

Албанияны екі рет жеңді – 2:0 және 4:2;

Данияны жеңді – 7:3;

Армениямен тең түсті – 4:4;

Данияға жеңілді – 2:3;

Арменияға жеңілді – 2:4.

Осылайша, Қазақстан құрамасы плей-офф кезеңінде ойнау арқылы Еуро-2026 чемпионатының финалдық кезеңіне шығуға мүмкіндік алды.

Топта екінші орын алған командалар арасында Қазақстан құрамасынан бөлек Босния және Герцоговина, Грузия, Словакия, Италия, Венгрия, Бельгия және Румыния командалары өтті. Өтпелі кезеңде отандастарымыз осы құрамалардың біреуіне қарсылас атанады.

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗