Бүгін футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу турнирі аясында J тобында 8-тур ойыны өтеді, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Солтүстік Македония мен Қазақстан құрамалары Скопьедегі «Тосе Проески» стадионында кездеседі.
Матч Қазақстан уақытымен 23:45-те басталады. Ойынды Qazaqstan және Qazsport телеарналары тікелей эфирде көрсетеді.
Айта кетейік, ұлттық құрама қазір өз тобында төртінші орында тұр.

J тобындағы қалған матчтар:
8-тур. 13 қазан
Уэльс – Бельгия
Солтүстік Македония – Қазақстан
9-тур. 15 қараша
Қазақстан – Бельгия
Лихтенштейн – Уэльс
10-тур. 19 қараша
Уэльс – Солтүстік Македония
Бельгия – Лихтенштейн