Футбол: Станислав Черчесов Қазақстан ұлттық құрамасынан кетті
27 қаңтар, 2025
Фото: kff.kz
Станислав Черчесов Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері қызметінен кетті, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Қазақстан футбол федерациясы сайтының мәлімдеуінше, еңбек шарты екі жақтың өзара келісімі бойынша тоқтатылған.
Сондай-ақ Қазақстан құрамасынан жаттықтырушылар штабы толық құраммен кетті.
«Қазақстан футбол федерациясы Станислав Саламович мен оның штабына атқарған жұмысы үшін алғыс айтып, мансабына табыс тілейді», - деп мәлімдеді Қазақстан футбол федерациясы.
Футболдан ұлттық құраманың бас бапкері қызметіне үміткерлер тізімі қарастырылып жатыр.
Станислав Черчесов Қазақстан құрамасының тізгінін 2024 жылғы маусымда ұстады. Оның жетекшілігімен ұлттық құрама УЕФА Ұлттар лигасында 6 матч өткізіп, Норвегия құрамасымен тең ойнап, 1 ұпай жинады.
Ұқсас жаңалықтар
20 қыркүйек, 2026
Қазақстан бессайысшылары 16 жылдан кейін Азия ойындарының жүлдесін иеленді
20 қыркүйек, 2026
Каратэші Софья Берульцева Азия ойындарының екі дүркін чемпионы атанды
20 қыркүйек, 2026
Азиаданың үшінші алтыны: Жоламан Биғабыл каратэден Азия ойындарының чемпионы атанды
20 қыркүйек, 2026
Алексей Луценко Қазақстанға Азия ойындарының екінші алтынын әкелді