Энрике Иглесиас қыркүйекте Астанада концерт өткізеді
Танымал әнші Энрике Иглесиас 3 қыркүйекте «Астана Арена» стадионында, 5 қыркүйекте Алматының Орталық стадионында өнер көрсетеді, деп хабарлайды Elordainfo.kz Freedom Ticketon-ның коммуникация қызметіне сілтеме жасап.
Қыркүйек айында Энрике Иглесиас елімізге әйгілі стадиондық шоуын әкеліп, екі ірі концерт бермек.
Концертте бірнеше буынның жадына жатталып қалған әндер шырқалмақ. Bailando, Hero, Escape, I Like It сияқты әлемдік хиттерден бастап, би ырғағындағы сүйікті тректер мен жүрекке жететін балладаларға дейін орындалады.
Әнші жазбаларының 180 миллионнан астам данасы сатылған, 154 синглы Billboard чарттарын бағындырған. Ал Hot Latin Songs рейтингінде 27 рет №1 орынға шыққан рекорды бар.
Еске сала кетсек, Астанада көшбасшы оқушылардың «Көктем симфониясы» атты салтанатты балы өтті.