Елордада жер қойнауын пайдаланудағы құқық бұзушылықтардың алдын алу шаралары күшейтілді

11 маусым, 2026
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
Елордада жер қойнауын пайдаланудағы құқық бұзушылықтардың алдын алу шаралары күшейтілді
Фото: видеодан скриншот/prokuratura.ast

«Заң мен тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру аясында Астана қаласының «Нұра» ауданы прокуратурасы жер қойнауын пайдалану саласындағы құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған профилактикалық іс-шаралар жүргізуде, деп хабарлайды Elordainfo.kz Астана қаласының прокуратурасына сілтеме жасап. 

Прокуратура жер қойнауын өз бетінше пайдалану, оның ішінде тиісті рұқсат беру құжаттарынсыз пайдалы қазбаларды заңсыз өндіру Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзу болып табылатынын және заңда белгіленген жауаптылыққа әкеп соғатынын еске салады.

Аталған құқық бұзушылықтарды жасағаны үшін 4000 айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл, түзеу жұмыстары, сондай-ақ мүлкі тәркіленіп, 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі әкімшілік және қылмыстық жауаптылық көзделген.

Қала прокуратурасы азаматтар мен кәсіпкерлерді табиғи ресурстардың сақталуын және құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында жер қойнауын пайдалану саласындағы заңнама талаптарын сақтауға шақырады.