Елордада таңға жақын дәмхана өртенді
8 ақпан, 2026
Фото: ТЖМ
Бүгін таңға жақын елордалық өрт сөндірушілерге Байқоңыр ауданындағы дәмхана жанып жатқаны туралы келіп түскен хабар бойынша жедел оқиға орнына аттанды, деп хабарлайды Elordainfo.kz қалалық ТЖД-ға сілтеме жасап.
Жолымбет көшесінде орналасқан дәмхананың ас бөлмесінде тоңазытқыш, жиһаздар мен ішкі әрлеу материалдарының жанып жатқаны анықталды.
Өрт сөндірушілердің 120 шаршы метрді шарпыған жалын толығымен сөндірілді. Жақын маңдағы ғимараттарға өрттің таралуына жол берілмеді.
Оқыс оқиғадан ешкім зардап шекпеген.

Ұқсас жаңалықтар
3 мамыр, 2026
Теңіз кенішінде істеген 30-ға жуық шетелдік ел аумағынан шығарылды
2 мамыр, 2026
Түркістан облысында көпір бұзылып, демалушылар өзеннің арғы бетінде қалып қойған
2 мамыр, 2026
Алматыда үш жасөспірім түнде таудан түсе алмай қалған
2 мамыр, 2026
Астанада абаттандыру ережелерін бұзған жүргізушілер жауапқа тартылды