Еліміздің оқушылары әлемдік робототехника жарысында 12 марапат жеңіп алды

Бүгін, 19:01
Думан Аманжол Думан Аманжол
Еліміздің оқушылары әлемдік робототехника жарысында 12 марапат жеңіп алды
Фото: Оқу-ағарту министрлігі

Қазақстанның робототехника құрамасы FIRST әлем чемпионатында табысты өнер көрсетіп, 12 марапатқа қол жеткізді, деп хабарлайды Elordainfo.kz Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап.

Жарыстар АҚШ-тың Хьюстон қаласындағы George R. Brown Convention Center алаңында өтіп, әлемнің түкпір-түкпірінен келген 50 000-нан астам қатысушыны біріктірді. Қазақстан атынан рекордтық 225 оқушыдан құралған делегация қатысты.

Төрт күнге созылған жарыс қорытындысы бойынша қазақстандық командалар барлық санатта жоғары нәтижелер көрсетті.

Кіші санат FIRST LEGO League Explore аясында Алматы қаласынан «Alem Innovators» командасы Core Values Award номинациясында жеңіске жетті, ал Haileybury Astana мектебінің DeepSeekers командасы Team Model Award марапатына ие болды. 

Орта санат FIRST LEGO League Challenge бойынша Түркістан облысынан Tolebi Daryn командасы әлемнің топ 5 қатарына еніп, Champions Award финалисті атанды. Алматы қаласының Fiztex командасы Core Values Gracious Professionalism Award номинациясында жеңіске жетті. Орал қаласындағы Зияткерлік мектебінің Tidal Tumble командасы робот ойында 545 ұпайдың 535-ін жинап, үздік нәтижелердің бірін көрсетті.

Жоғары санат FIRST Tech Challenge бойынша Қарағанды қаласының JelToqSun командасы Sustainability Award номинациясында алтын иеленді. Шымкент қаласындағы Зияткерлік мектебінің Overtime, Астана қаласындағы Республикалық физика математика мектебінің Fizmat Robotics және Алматыдағы Polytech мектебінің KAP командалары Reach Award бойынша алтын алды. Алматыдағы Polytech мектебінің TGJ, Зияткерлік мектебі Алматы Медеу филиалының Panheya және Алматыдағы БИЛ мектебінің SANA командалары осы номинацияда жүлдегер атанды. Астана қаласындағы Зияткерлік мектебінің XCeption командасы Think Award бойынша қола жүлде иеленді, делінеді хабарламада.

БИЛ Щучинск қаласынан Celestial және Panheya командалары алғаш рет Қазақстан атынан топ 8 қатарына еніп, плей офф кезеңінде альянс капитандары атанды. Haileybury Astana мектебінің Nomadic Dragons командасы ширек финалға шығып, өз дивизионында топ 4 альянс қатарына енген жалғыз қазақстандық команда болды.

Министрлік Қазақстан 2020 жылдан бері FIRST халықаралық қозғалысында өз позициясын нығайтып келе жатқанын мәлімдеді.