Еліміздегі әйелдерге қатысты қызықты статистика мәліметтері жарияланды

Еліміздегі әйелдерге қатысты қызықты статистика мәліметтері жарияланды
Фото: Нұркен Мерғалиев

Ұлттық статистика бюросы Халықаралық әйелдер күні мерекесі қарсаңында еліміздегі әйелдерге қатысты қызықты мәліметтерді жариялады, деп хабарлайды Elordainfo.kz.

Қазақстанда жалпы әйелдер саны 10 488 074. Олардың орташа жасы – 34,1 жас. Әйелдердің өмір сүру ұзақтығы – 79,4 жыл.

Жұмыспен қамтылған әйелдердің 20 пайызы білім саласында, 19 пайызы сауда саласында, 10 пайызы денсаулық сақтау саласында еңбек етеді. Жеке кәсіпкерлер арасындағы әйелдердің үлесі 50,8%-дан асады. Жұмыс істейтін әйелдер арасында 1,3 миллион әйелдің орташа жасы 35-44 жас аралығында.
Жұмыспен қамтылған халық арасындағы әйелдердің үлесі – 48% (4,4 млн әйел), жалдамалы жұмысшылар арасындағы үлес – 50%, өз бетінше жұмыспен қамтылғандар арасындағы үлес – 45%.

Әйелдердің жасы бойынша үлесі: 
0-15 жас – 29,1%
16-60 жас – 55,5%
61 жастан жоғары – 15,4%

Аймақтар бойынша ең әйелдер өңір:
Алматы қаласы – 1,2 млн
Түркістан облысы – 1 млн
Астана қаласы  – 803,5 мың
Алматы облысы – 778,5 мың.

Еске салсақ, бүгін пойыздарда жүрген мыңнан астам әйел жолаушыға сыйлықтар табысталды.