Қазақстанда «Әйелдер консультациясы» бөлімшелерінің жұмысы қалпына келтіріледі, деп хабарлады Elordainfo.kz Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.
«Денсаулық сақтау министрлігі жүкті әйелдерге және гинекологиялық аурулары бар әйелдерге медициналық-санитариялық алғашқы көмек (МСАК) деңгейінде медициналық көмек көрсететін амбулаториялық қызметтердің бірыңғай блогына біріктіре отырып, «Әйелдер консультациясы» бөлімшелерінің жұмысын қалпына келтіреді.
Бастаманың мақсаты – еліміздегі әйелдер үшін медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасын арттыру», - делінген хабарламада.
Әйелдер консультацияларының жаңартылған құрылымында:
Бір күндік клиникасы бар ұрықты сақтау орталықтары;
Отбасын жоспарлау орталықтары;
Жүктілікті көтере алмауға арналған кабинеттері;
Мультидисциплинарлық топтың қатысуымен жоғары қауіпті және экстрагениталдық аурулары (ЭГА) бар жүкті әйелдерді басқаруға арналған кабинеттер;
Репродуктолог және балалар гинекологының кабинеттері ашылады.