Референдум-2026

Елімізде «Шәмші Қалдаяқов» медалі мен жаңа құрметті атақ енгізіледі

16 тамыз, 2026
Думан Аманжол Думан Аманжол
Елімізде «Шәмші Қалдаяқов» медалі мен жаңа құрметті атақ енгізіледі
Фото: adebiportal.kz

Мәдениет пен өнер – ұлттық бірегейлігіміздің мызғымас тірегі. Сондықтан жаңа Ата заңда төл мәдениетімізді жан-жақты қолдау мемлекеттің конституциялық міндеті ретінде бекітілді. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі – Баспасөз хатшысы Айбек Смадияров Telegram-дағы арнасында хабарлады, деп хабарлайды Elordainfo.kz.

«Осы ретте Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар тізіміне «Шәмші Қалдаяқов» медалі мен «Қазақстанның еңбек сіңірген суретшісі» құрметті атағын енгізу туралы шешім қабылдады.

Бұл мәртебелі марапаттар ұлт мәдениетіне қалтқысыз қызмет етіп, соның ішінде музыка және бейнелеу өнерін дамытуға сүбелі үлес қосқан азаматтарға беріледі», - делінген хабарламада.

Еске салсақ, 15 тамызда – қазақтың көрнекті композиторы, Қазақстанның халық әртісі, ұлттық ән өнерінің ірі өкілдерінің бірі Шәмші Қалдаяқовтың туған күні болды.