Елімізде 40 мыңдай су арнасы су есептегіш құралдарын цифрландыруға көшеді
ҚР өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Жаннат Дүбірова ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында Энергетика және коммуналдық секторларды жаңғырту жөніндегі ұлттық жоба аясында сумен жабдықтау және су бұру жүйелері құралдарымен жабдықтау бойынша ауқымды жұмыстар жүргізіліп жатқанын айтты, деп хабарлайды Elordainfo.kz Орталық коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.
«Бүкіл Қазақстан бойынша, барлық су арналары үшін бірыңғай талаптар бекітілді. Қазір жобаға шамамен 40 су арнасы белсенді қатысып, жаңғырту мен жабдықтау бойынша өтінімдерін беруде. 2028 жылдың соңына дейін бұл жұмыстар толық жүзеге асырылады деп отырмыз. Әрине, негізгі назар халық саны көп қамтылатын су арналарына аударылады. Бұл – облыс орталықтары мен қалалар. Дәл осы жерлерде ең алдымен телеметриясы бар есепке алу құралдары енгізіледі», – деп түсіндірді Жәннат Дүбірова.
Вице-министрдің айтуынша, байланыс арналарына қойылатын бірыңғай талаптар барлық ақпаратты орталықтандырылған түрде жинауға мүмкіндік береді. Бұл жұмыс министрліктің бақылауында.