Елде геологиялық барлаудың 20 жобасы және жаңа ауқымдағы түсірілім іске қосылады

Бүгін, 10:06
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
Елде геологиялық барлаудың 20 жобасы және жаңа ауқымдағы түсірілім іске қосылады
фото: primeminister.kz

Мемлекет басшысының жер қойнауын кешенді зерттеу жөніндегі тапсырмаларын орындау шеңберінде елімізде алғаш рет 1:50 000 масштабтағы геологиялық түсірілім басталды, сондай-ақ саланы ауқымды цифрландыру жүргізілуде. Бұл туралы Үкімет отырысында өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Иран Шархан хабарлады, деп хабарлайды Elordainfo.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

«Алдағы үш жылда 100 мың шаршы шақырым аумақта 20 жобаны жүзеге асыру жоспарлануда. Дәстүрлі әдістермен қатар, жасырын кен орындарын анықтау үшін Ionic Leach технологиясы, геологиялық деректерді талдау үшін жасанды интеллект, спутниктік деректер мен дрондар қолданылады», - деді вице-министр.

Вице-министрдің сөзінше, биыл 7 перспективалы нысан туралы алдын ала деректер алынған, оларды келесі жылы аукционға шығару жоспарлануда.

Сонымен қатар саланы ауқымды цифрландыру жүргізілуде. Жер қойнауын пайдаланудың бірыңғай платформасында 70 мыңнан астам геологиялық есеп пен 109 мың аумақ контуры орналастырылған, бастапқы геологиялық ақпараттың 100%-ы, яғни 4,8 млн-ға жуық дерек цифрландырылды.

Еске салайық, бұған дейін елімізде инфрақұрылымдық даму қоры құрылғаны туралы жаздық.