“Бәйтерек” холдингі ШОБ-ты дамытуға 613 млрд теңге бөлді

“Бәйтерек” холдингі ШОБ-ты дамытуға 613 млрд теңге бөлді
Фото: видеодан скриншот: Үкімет отырысы

ШОБ-ты дамытуға рекордтық 613 млрд теңге: «Бәйтерек» Президенттің бизнесті қолдау жөніндегі тапсырмасын жүзеге асыруда.  Мемлекет басшысының бизнес үшін қолайлы жағдайлар жасау жөніндегі тапсырмаларын орындау шеңберінде «Бәйтерек» холдингі 2025 жылы шағын және орта кәсіпкерлікті қаржыландырудың рекордтық көлемін қамтамасыз етеді. Жыл соңына дейін қолдау сомасы 613 млрд теңгені құрайды. Бұл туралы Үкіметте өткен баспасөз мәслихатында холдинг төрағасы Рустам Қарағойшин мәлімдеді, деп хабарлайды Elordainfo.kz.
«Өрлеу» бағдарламасы шағын және орта бизнесті қолдаудың негізгі құралдарының бірі. Бүгінгі таңда 1,8 мыңнан астам жоба қолдау тапты. Бағдарламаның басты айырмашылығы – ол кепілдердің жетіспеушілігі мәселесін жүйелі түрде шешеді: кепілдік беру құралдары арқылы кәсіпкерлер 80 млрд теңге несиеге қол жеткізді.

«2025 жылдың соңына дейін қосымша 108 млрд теңгені игеру жоспарланған. Оның 48,8 млрд теңгесі — Қор қаражаты, қалғаны — екінші деңгейлі банктердің қаражаты. Бұл шамамен 400 кәсіпкерді қосымша қолдауға мүмкіндік береді.
Жалпы 2025 жылы Холдингтің құралдарынан 25 мыңнан астам шағын, орта, кіші кәсіпорындарға көмек көрсетіліп отыр. Осылайша, 2025 жылдың қорытындысы бойынша «Өрлеу» бағдарламасы шеңберіндегі жалпы қаржыландыру көлемі 613 млрд теңгеге, ал қарыз алушылар саны шамамен 2 мың мекемеден асып отыр», - деді Рустам Қарағойшин.