Баянауылдан Қызыл кітапқа енген құстарды аулап, шетелге саудалағандар ұсталды
11 ақпан, 2026
Фото: Polisia.kz
Павлодар облысында полиция қызметкерлері прокуратураның үйлестіруімен Қызыл кітапқа енген құстарды заңсыз түрде шетелге шығарған қылмыстық топты ұстады, деп хабарлайды Elordainfo.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Сирек кездесетін құстарды Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында ұстаған. Күдікті бір топ адамның ішінде Баянауыл ұлттық паркінің қызметкерлері де.
17 тінту шарасы жүргізіліп, нәтижесінде 40-тан астам құс, 5 қару, шамамен 200 оқ, құстарды ұстауға және тасымалдауға арналған құралдар, сондай-ақ басқа да маңызды айғақ болар заттар тәркіленді.
Мемлекетке келтірілген шығын көлемі 120 миллион теңгеден асады. Қазір сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Барлық ұсталғандар қамауға алынды.
Ұқсас жаңалықтар
20 қыркүйек, 2026
Астанада 13-қабаттағы пәтер мен лоджияда өрт шықты
19 қыркүйек, 2026
Астанада пәтердегі өрт кезінде әйел құтқарылды
17 қыркүйек, 2026
Маңғыстау облысында жол апатынан төрт адам қаза тапты
16 қыркүйек, 2026
Бас прокуратура ескертеді: Талдықорғандық трейдингке сеніп 7 млн теңгесінен айырылды