БҚО тұрғыны 10 қап өзен шаянымен ұсталды
1 қараша, 2025
Фото: БҚО Полиция департаменті
Батыс Қазақстан облысының полиция қызметкерлері «Браконьер» жедел алдын алу іс-шарасы аясында балық пен шаянды заңсыз аулау деректерін анықтады, деп хабарлады Elordainfo.kz.
БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, Орал-Атырау жолында Казталов ауданының тұрғыны айдап келе жатқан Toyota Camry автокөлігі тоқтатылды.
Жүксалғышты тексеру кезінде 10 қап өзен шаянының тиісті рұқсат құжаттарынсыз тасымалданғаны белгілі болды.
- Сондай-ақ аталмыш іс-шара барысында Орал қаласында Lada Granta автокөлігі тексерілді. Салонды қарау кезінде полиция қызметкерлері 3 қапқа салынған шортан, табан және мөңке балықтарын тауып, тәркіледі. Бұл балықтар да құжатсыз тасымалданған, - деп хабарлады ведомстводан.

Ұқсас жаңалықтар
20 қыркүйек, 2026
Астанада 13-қабаттағы пәтер мен лоджияда өрт шықты
19 қыркүйек, 2026
Астанада пәтердегі өрт кезінде әйел құтқарылды
17 қыркүйек, 2026
Маңғыстау облысында жол апатынан төрт адам қаза тапты
16 қыркүйек, 2026
Бас прокуратура ескертеді: Талдықорғандық трейдингке сеніп 7 млн теңгесінен айырылды