Азия чемпионаты: Боксшы Дулат Бекбауов жартылай финалға шықты
4 желтоқсан, 2024
Фото: olympic.kz
Қазақстан құрамасының боксшысы Дулат Бекбауов (67 келіге дейін) Таиландтың Чиангмай қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатының жартылай финалына шықты, деп хабарлады Elordainfo.kz ҰОК сайтына сілтеме жасап.
1/4 финалда қазақстандық боксшы малайзиялық Ариф Мұхаммадқа қарсы жекпе-жек өткізіп, айқын басымдықпен жеңіске жетті.
Бекбауов жекпе-жек барысында толық үстемдік танытып, қарсыласын бірнеше рет нокдаунға жіберді. Үшінші раундта кездесу тоқтатылып, Дулат жартылай финалға өтті. Осылайша, ол Азия чемпионатының медалін иеленді.
Ұқсас жаңалықтар
21 желтоқсан, 2025
Мәскеуден келген жас спортшылар «Барыстың» ойынын тамашалады
21 желтоқсан, 2025
Елордада еліміздің үздік көркем гимнасшылары шеберлік көрсетті
21 желтоқсан, 2025
Астанада Мәскеу күндері аясында дзюдодан жолдастық кездесу өтті
20 желтоқсан, 2025
Елордада «Хан Шатыр» сауда орталығында көркем гимнастикадан ашық фестиваль өтті