15.11.2025
RU
Мәзір

Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Қазақстандық теннисші Италиядағы жарыстың жеңімпазы атанды

|
Photo: Фото: ktf.kz
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Қазақстандық теннисші Италиядағы жарыстың жеңімпазы атанды

|
Photo: Фото: ktf.kz

Қазақстандық теннисші, әлемнің 308-ракеткасы Тимофей Скатов Тоди (Италия) челленджер турнирінде топ жарды, деп хабарлады Elordainfo.kz

Қазақстандық теннисші финалда әлемнің 233-ракеткасы, италиялық Стефано Травальядан басым түсті.

Бірінші партияда Скатов 3:0 есебімен алға шыққанымен, Травалья таразы басын теңестіре білді. Дегенмен Тимофей тай-брейкте дегеніне жетті – 7:6 (7:4).

Екінші сетте италиялық спортшы айқын басымдылық танытты – 6:0. Үшінші, шешуші партияда Т.Скатов жеңісті жұлып алды – 6:2.

Айта кетейік, бір апта бұрын ол Бонн (Германия) челленджер жарысының финалында аустриялық теннисші Юрий Родионовқа есе жіберген еді – 6:3, 2:6, 4:6. Скатов қазіргі кезде ATP Live рейтингісінде бірден 193-орынға көтеріліп, ТОП-200-ге еніп тұр.

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗