Қазақстандық спортшылар әлем кубогы кезеңінің финалына шықты
18 сәуір, 2025
Фото: olympic.kz
Спорттық гимнастикадан Доха (Қатар) қаласында өтіп жатқан әлем кубогы кезеңіндегі екінші іріктеу күнінің қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасының спортшылары екі финалға жолдама алды, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Турнирдің шешуші кезеңіне қоссырықтағы жаттығулар бойынша Милад Карими бірінші орынмен өтті. Қазақстандық гимнаст іріктеу барысында төрешілердің шешімімен 14.000 ұпай жинады.
Сонымен қатар Алтынхан Темірбек те финалға жолдама алды. Ол тіреуішпен секіру жаттығуында 13.199 ұпай жинап, сегізінші орынмен финалға өтті.
Айта кету керек, Карими мен Темірбек еркін жаттығу бағдарламасының финалында да бақ сынайды.
Ал Нариман Құрбанов пен Зейнолла Ыдырысов қоссырықтағы жаттығуда жүлде үшін күресетін болады.
Ұқсас жаңалықтар
27 қыркүйек, 2026
Қазақстандық шпагашылар Азия ойындарының чемпиондары атанды
27 қыркүйек, 2026
Алматыда 15-ші Almaty Marathon өтті
27 қыркүйек, 2026
Азиада-2026: Жеңіл атлет Ясмина Тоқсанбаева алтын медаль жеңіп алды
26 қыркүйек, 2026
Пара дзюдодан елордалық спортшы әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды