09.11.2025
RU
Мәзір

Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Қазақстандық балуандар Оңтүстік Кореяда өткен турнирде алты жүлде жеңіп алды

|
Photo: Фото: olympic.kz
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Қазақстандық балуандар Оңтүстік Кореяда өткен турнирде алты жүлде жеңіп алды

|
Photo: Фото: olympic.kz

Санджу қаласында (Оңтүстік Корея) күрес түрлерінен өткен Korea Open халықаралық турнирі аяқталды. Қазақстандық спортшылар бұл жарыста алты медаль жеңіп алды, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Эльмира Сыздықова жарысты алтынмен аяқтады. Ол 76 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде үздік атанды.

Грек-рим күресінде Айбек Айтбеков (60 келі) пен Диас Сейітқалиев (77 келі) финалға дейін жеткенімен, шешуші белдесулерде жеңіліс тапты. Нәижесінде күміс медаль иеленді.

Үшінші орынды Мақсат Сайлау, Темірлан Тұрдақын (екеуі де 87 келі салмақта) және Нұрасыл Аманәлі (97 келі) иеленді.

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗