07.11.2025
RU
Мәзір

Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Қазақстан жеңіл атлетикадан Азия чемпионатында алғашқы медалін жеңіп алды

|
Photo: Фото: Спортты дамыту дирекциясынан
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Қазақстан жеңіл атлетикадан Азия чемпионатында алғашқы медалін жеңіп алды

|
Photo: Фото: Спортты дамыту дирекциясынан

Оңтүстік Кореяның Гуми қаласында жеңіл атлетикадан Азия чемпионаты басталды, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Қазақстан құрамасы турнирде алғашқы медалін жеңіп алды. Оның авторы – Ясмина Тоқсанбаева.

Спортшы 20 шақырымдық спорттық жүрісте қола жүлдені иеленді. Тоқсанбаева бұл қашықтықты 01:32:22 уақытта жүріп өтті.

Бірінші орынды қытайлық Инь Хан жеңіп алды – 01:30:44. Одан кейін мәре сызығын тағы бір Қытай спортшысы Ма Ли кесті – 01:32:08.

Ерлер арасындағы осы бағдарламада Георгий Шейко сегізінші орынға табан тіреді.

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗