05.11.2025
RU
Мәзір

Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Қазақстан құрамасы WTT Youth Contender турнирінде үш медаль жеңіп алды

|
Photo: Фото: olympic.kz
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Қазақстан құрамасы WTT Youth Contender турнирінде үш медаль жеңіп алды

|
Photo: Фото: olympic.kz

Алматыда үстел теннисінен WTT Youth Contender халықаралық ірі турнирі жалғасып жатыр, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Кезекті жарыс күнінде Қазақстан құрамасы үш бірдей жүлдеге ие болды.

Барлық үш медаль – қола. Қыздар арасындағы U13 санатында Жәния Бекмұхамбетова финалға шығу үшін өткен матчта Тайбэй өкілі Ляо Юй Цзинге 0:3 есебімен жол берді.

Осы жас санатында Арайлым Сапабек те жартылай финалда ресейлік Элеонора Ширяеваға қарсы кездесуде 2:3 есебімен есе жіберді.

Тағы бір қола жүлдені Нұрдәулет Азаматұлы (U13) жеңіп алды. Ол жартылай финалда ресейлік Матвей Мананковпен өткен тартысты кездесуде 2:3 есебімен жеңіліп қалды.

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗