Болгарияның София қаласында өткен ірі халықаралық «Странджа» кубогы өз мәресіне жетті, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Бұл жарыста Қазақстан ерлер құрамасы бес алтын медаль жеңіп алды.
Жеңіс тұғырының ең жоғары сатысына көтерілгендер:
- Ертуған Зейнуллинов (63,5 келі);
- Төрехан Сабырхан (67 келі);
- Абылайхан Жүсіпов (71 келі);
- Сабыржан Аққалықов (75 келі);
- Бекзат Нұрдәулетов (86 келі).
Күміс жүлдегер атанғандар:
- Даниял Сәбит (51 келі);
- Тимур Қабдешов (54 келі);
- Серік Теміржанов (60 келі);
- Мұхаммедсабыр Базарбайұлы (63,5 келі);
- Фарух Тоқтасынов (71 келі);
- Тимур Нұрсейітов (75 келі);
- Ерасыл Жақпеков (80 келі),
- Нұрбек Оралбай (86 келі);
- Айбек Оралбай (92 келіден жоғары).
Қола жүлдені иеленгендер:
- Теміртас Жүсіпов (48 келі);
- Оразбек Асылқұлов (57 келі);
- Талғат Сырымбетов (60 келі);
- Данияр Рахымбердиев (92 келі).
Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте бірінші орын алды. Екінші орында – Өзбекстан, үшінші орында – Болгария.
Әйелдер құрамасы Болгарияда бір ғана алтын медаль жеңіп алды. Жеңісті ел қоржынына Ләззат Күнгейбаева (81 келіден жоғары) салды.
Күміс жүлдегерлер:
- Әйгерім Сәттібаева (48 келі);
- Әнел Сақыш (54 келі);
- Айдана Забынбекова (57 келі);
- Римма Волосенко (60 келі);
- Жібек Жарасқызы (81 келі);
- Дина Исламбекова (81 келіден жоғары).
Қола жүлдегерлер:
- Элянур Турганова (50 келі);
- Жансая Рахымберді (52 келі);
- Жазира Орақбаева (52 келі);
- Сымбат Алиасқар (54 келі);
- Лаура Есенкелді (63 келі);
- Гаухар Шайбекова (66 келі);
- Азиза Исина (70 кг);
- Шұғыла Нәлібай (75 келі).