Қасым-Жомарт Тоқаев FIFA президентін қабылдады
23 қыркүйек, 2025
Фото: akorda.kz
Мемлекет басшысы Халықаралық футбол федерациясының президенті (FIFA) Джанни Инфантиномен кездесу өткізді, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Мемлекет басшысы балалар футболын дамыту мен заманауи инфрақұрылым құруға бағытталған FIFA Arena бағдарламасын жүзеге асырып жатқаны үшін Федерацияға ризашылық білдірді.
Президент Қазақстанның FIFA-мен ынтымақтаса отырып, аймақта футболды қарқынды дамытқан елге айналатынына сенім білдірді.
Джанни Инфантино Қасым-Жомарт Тоқаевқа футболға көңіл бөлгені үшін алғыс айтып, Федерацияның ұлттық футбол деңгейін көтеруге бағытталған бірлескен жобаларды жүзеге асыруға дайын екенін растады.
Айта кетейік, Қазақстан мен АҚШ жалпы сомасы 4,2 миллиард доллар болатын келісімге қол қойды.
Ұқсас жаңалықтар
9 мамыр, 2026
Президент Румен Радевті Болгария Премьер-министрі болып сайлануымен құттықтады
9 мамыр, 2026
Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуде өткен әскери шеруге қатысты
9 мамыр, 2026
Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинмен кездесу өткізді
8 мамыр, 2026
Қасым-Жомарт Тоқаев Католик шіркеуінің басшысын Астанаға шақырды