Мысырдың Каир қаласында парапауэрлифтингтен жастар арасындағы әлем чемпионаты өз мәресіне жетті, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Айтулы байрақты додада ел намысын қорғаған елордалық спортшылар табысты өнер көрсетіп, бір күміс және бір қола медаль иеленді.
54 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен Қуаныш Рахатұлы 105 келіні көтеріп, күміс жүлдеге қол жеткізді. Ал 59 келіге дейінгі салмақта 121 келі нәтижесін көрсеткен Вазир Надыров қола медаль еншіледі.
Айта кетейік, чемпионатқа әлемнің 27 елінен 120 параспортшы қатысты.