Астанада жоғалған 16 жастағы қыз табылды

6 мамыр, 2026
Думан Аманжол Думан Аманжол
Астанада жоғалған 16 жастағы қыз табылды
фото: Оңалхан Өнерхан

Астаналық полицейлер кәмелетке толмағандардың үйден өз бетінше кетуі мен хабар-ошарсыз жоғалу жағдайларын алдын алу үшін профилактикалық жұмыстар жүргізуде, деп хабарлайды Elordainfo.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Жыл басынан бері «102» арнасына жасөспірімдердің жоғалуына қатысты 700-ден астам хабарлама түскен. Тәртіп сақшыларының жедел әрекетінің нәтижесінде олардың барлығы қысқа уақыт ішінде табылып, ата-аналарына қайтарылған. 

Осындай оқиғалардың бірі елордада болды. Қала тұрғыны 16 жастағы қызының жоғалып кеткені туралы хабарлаған. Алдын ала мәліметке сәйкес, жасөспірім күндіз үйден ұялы телефонымен шығып кетіп, қайта оралмаған. Іздестіру шаралары барысында ол келесі күні қаладағы пәтерлердің бірінен табылып, заңды өкілдеріне тапсырылды, делінеді хабарламада.

Полиция ата-аналарды балалардың қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауға шақырады. Мамандардың айтуынша, баланың қайда жүргенін бақылау, үнемі байланыста болу және үйге қайту уақытын алдын ала келісу аса маңызды. Егер бала жоғалып кетсе, дереу «102» нөміріне хабарласу қажет.