08.11.2025
RU
Мәзір

Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Астанадағы Орталық саябақта «Таза Қазақстан» акциясы өтті

|
Photo: Фото: Астана қаласы әкімдігі
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Астанадағы Орталық саябақта «Таза Қазақстан» акциясы өтті

|
Photo: Фото: Астана қаласы әкімдігі

Нұра ауданындағы  SKI CLUB ASTANA клубы мүшелері елорданың Орталық саябағында орналасқан шаңғы-роллер жолында тазалық жұмыстарын жүргізді, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Аталған акцияға шаңғы клубының 30-ға жуық спортшысы қатысты.

«Орталық саябақ - Астанадағы ең танымал саябақтың бірі. Осы жерде күніне кемі 1000-ға жуық тұрғын спортпен айналысады. Сондықтан аумақты кемінде бір мәрте тазалауға тырысамыз. Себебі, бұл жер үнемі қоқысқа толып қалады. Қаланың тазалығы -  Қазақстанның келбеті. Тек біздер ғана емес, барлықтарыңызды акцияға қатысуға шақырамын», - деді SKI CLUB ASTANA клубының басшысы Александр Пилипенко.

Айта кетейік, SKI CLUB ASTANA клубында 100-ге жуық қатысушы аптасына тұрақты түрде 6 мәрте спортпен айналысады. Олар жаз мезгілідне роллерді қолға алса, қыста шаңғыдағы біліктіліктерін шыңдайды.

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗