Референдум-2026

Астанада прокуратура интернет-алаяқтардан сақ болуға шақырды

Бүгін, 15:03
Думан Аманжол Думан Аманжол
Астанада прокуратура интернет-алаяқтардан сақ болуға шақырды
Фото: Оңалхан Өнерхан

Елорданың Сарайшық ауданының прокуратурасы тұрғындарға интернет-алаяқтардан сақ болуға шақырды, деп хабарлайды Elordainfo.kz.

Сарайшық ауданының прокуратурасы тұрғындарға интернет-алаяқтықтың кең таралған түрлерінен сақ болу қажеттігін ескертті.

Прокуратура азаматтарды жеке деректерін, банк картасының мәліметтерін және SMS арқылы келетін растау кодтарын бөгде адамдарға ешбір жағдайда бермеуге шақырды.

Сондай-ақ белгісіз адамдар жіберген сілтемелерге өтпеу, күмәнді қосымшаларды жүктемеу және тексерілмеген шоттарға ақша аудармау қажеттігі ескертілді.

Ведомствоның мәліметінше, интернет-алаяқтар азаматтардың сеніміне кіріп, әртүрлі сылтаумен ақша қаражатын иемденуге тырысады. Сондықтан кез келген күмәнді хабарлама мен қоңырауға сақтықпен қарап, ақпараттың рас-өтірігін міндетті түрде тексерген жөн.

Прокуратураның негізгі кеңестері:

жеке деректеріңіз бен растау кодтарын ешкімге хабарламаңыз;

белгісіз қосымшалар мен сілтемелерден аулақ болыңыз;

бөтен адамдардың немесе күмәнді шоттардың атына ақша аудармаңыз.

«Сақтық – сіздің қауіпсіздігіңіздің кепілі» – деп ескертті Сарайшық ауданының прокуратурасы.