12.11.2025
RU
Мәзір

Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Астанада коммуналдық қызметкерлер тәулік бойы қар күреу жұмысына жұмылдырылды

|
Photo: Оңалхан Өнерхан
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Астанада коммуналдық қызметкерлер тәулік бойы қар күреу жұмысына жұмылдырылды

|
Photo: Оңалхан Өнерхан

Астанада ауа райы тұрақсыз болып, қар аралас жаңбыр жауып жатыр. Мұндай метеорологиялық жағдай көктайғақтың пайда болуына әсер етуде. Қаланың коммуналдық қызметтері тәулік бойы күшейтілген режимде жұмыс істеп, жолдар мен тротуарларды қар мен мұздан тазартуда, деп хабарлады Elordainfo.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

«Қыс басталғалы бері коммуналдық қызметтер тәулік бойы ауысымдық режиммен жұмыс істеп жатыр.

12 қараша таңертеңнен бастап қар күреу жұмысына 2 926 жол жұмысшысы және 1 381 арнайы техника жұмылдырылды.

Ең алдымен қаланың негізгі көше магистральдары мен қоғамдық көлік бағыттары тазаланады. Кейін орташа қозғалыс қарқындылығы бар учаскелерде – аулаларда, алаңдарда, тротуарлар мен аялдамаларда жұмыс жүргізіледі», - делінген хабарламада.

Көктайғақтың алдын алу шараларына ерекше назар аударылуда. Қала тұрғындарының қауіпсіз жүруі үшін жолдар мен тротуарларға техникалық тұз себіледі.

«Қазгидромет» мәліметінше, мұндай тұрақсыз ауа райы алдағы бірнеше күнде де болады.

12 қарашада қалада көшпелі бұлтты ауа райы күтіледі, кей уақытта жаңбыр мен қар жауады, көктайғақ және бұрқасын болады.

Жел оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысып, түнде және таңертең екпіні 15-20 м/с дейін жетеді. Ауа температурасы түнде және күндіз 0-2 градус жылы болып, кейін төмендейді.

13 қарашада Астанада бұлтты ауа райы күтіледі, түнде қар жауады, бұрқасын және көктайғақ болады.

Жел солтүстік-батыстан 9-14 м/с жылдамдықпен соғады. Ауа температурасы түнде -5...-7, күндіз -2...-4 градус аяз болады.

14 қарашада көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз ауа райы болжанады.

Жел оңтүстік-шығыстан 3-8 м/с, ауа температурасы түнде -8...-10, күндіз -1...-3 градус аяз шамасында болады.

Астана әкімдігі қала тұрғындары мен қонақтарын ауа райының қолайсыз жағдайында жолда аса сақ болуға, қауіпсіздік ережелерін сақтауға және алыс сапарларға шықпауға шақырады.

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗