Астанада қалалық бағдарлардағы автобус саны артады

Астанада қалалық бағдарлардағы автобус саны артады
Фото: Оңалхан Өнерхан

19 қазаннан бастап көліктік қызмет көрсетуді жақсарту мақсатында 12 қалалық бағдарда жұмыс күндері қатынайтын автобус саны 29 бірлікке артады, деп хабарлайды Elordainfo.kz Астана қаласы әкімдігінің Қалалық мониторинг және жедел әрекет ету орталығына сілтеме жасап.

- № 13 бағдар – енді 16 автобус (бұрын 14);
- № 20 бағдар – енді 21 автобус (бұрын 19);
- № 21 бағдар – енді 20 автобус (бұрын 17);
- № 31 бағдар – енді 15 автобус (бұрын 12);
- № 41 бағдар – енді 18 автобус (бұрын 14)
- № 44 бағдар – енді 18 автобус (бұрын 16);
- № 58 бағдар – енді 20 автобус (бұрын 18);
- № 60А бағдар – енді 13 автобус (бұрын 11);
- № 60Б бағдар – енді 13 автобус (бұрын 11);
- № 62 бағдар – енді 20 автобус (бұрын 17);
- № 501 экспресс-бағдар – енді 14 автобус (бұрын 12);
- № 503 экспресс-бағдар – енді 14 автобус (бұрын 12).

Автобус санын арттыру күту уақытын қысқартуға және сапарларды ыңғайлы етуге мүмкіндік береді.

Еске салсақ, Астанада қоғамдық көлікте жүру ақысын өзгерту ұсынылды. Жаңа тариф бойынша қалалық автобустарда жолақыны электронды тәсілмен төлегенде 150 теңге, ал қолма-қол ақшамен төлегенде 300 теңге болмақ.