11.11.2025
RU
Мәзір

Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Астанада Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған кеш өтеді

|
Photo: Коллаж: Elordainfo.kz
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Астанада Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған кеш өтеді

|
Photo: Коллаж: Elordainfo.kz

Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымы ұлы ақын, данышпан ойшыл Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған «Абай әлемі» атты музыкалық кешке шақырады, деп хабарлайды Elordainfo.kz.

Кеш барысында бұрын-соңды орындалмаған Абайдың шығармалары алғаш рет көпшілік назарына ұсынылады. Жаңаша музыкалық өңдеулер мен заманауи аранжировкалар арқылы Абай мұрасы жаңғырып, көрерменге өзгеше әсер сыйлайды.

Концерттік бағдарламада «Ұлы Абай», «Ғұлама Абай», «Есіңде бар ма жас күнің», «Жасымда ғылым бар деп ескермедім...», «Абайдың Ақтолқыны», «Абай толғау» және т.б. шығармалар орындалады.

Іс-шараға «Халық қазынасы» ұлттық өнер орталығының солистері қатысады: Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Жанғали Жүзбай, Құмарбек Қалқатай, Айзат Қарабек, Толғанбай Сембаев, Қайрат Айтбаев, «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісінің иегерлері Бауыржан Бекмұханбет, Перизат Тұрар, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты Күнсұлу Түрікпен, республикалық және халықаралық байқаулардың лауреаттары Біржан Айтахмет, Әлихан Дүйсенбай, Ақерке Тәжібаева, Венера Табыс және Жанту Дадабаев.

Өтетін күні мен уақыты: 13 қараша, 19:00.

Өтетін жері: Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» МАКҰ (Мәңгілік ел, 10/1).

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗