«Әскер аруы – 2026» фотобайқауының нәтижесі жарияланды
Халықаралық әйелдер күніне арналған байқауға Қарулы күштердің түрлері, әскер тектері, өңірлік колбасшылықтардың басқармалары және Қорғаныс министрлігінің құрылымдық бөлімшелерінің атынан 41 әскери қызметші қатысты, деп хабарлайды Elordainfo.kz Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап.
Дауыс беру ведомствоның Instagram парақшасында өтті. Нәтижесінде Гран-приді 4 мыңдай лайк жинаған ШҚО Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің әскери қызметшісі аға лейтенант Әдемі Сейітқанова алды.
Бірінші орынға Бас әскери клиникалық госпитальдің ефрейторы Нұрай Бегалиева (3,6 мың дауыс) ие болды. Екінші орын Қарулы күштер Бас әскери полиция басқармасының капитаны Жанар Ахметжановаға (3,8 мың дауыс) бұйырды. Үшінші орын №61993 әскери бөлімнің сержанты Аяжан Әміржановаға (2,4 мың лайк) берілді.

Аталмыш байқау әскери қызметті насихаттауға және Қарулы күштерде қызмет ететін әскери қызметші қыз-келіншектердің кәсіби және шығармашылық әлеуетін көрсетуге ықпал етті.