“Протездік-ортопедиялық көмекті ала алмаған”: Ақмола облысының прокуратурасы мүгедектердің құқықтарын қорғады
Сандықтау ауданының прокуратурасы мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау саласында елеулі бұзушылықтарды анықтады, атап айтқанда, азаматтарды тифлотехникалық, сурдотехникалық құралдармен және протездік-ортопедиялық көмекпен уақтылы қамтамасыз етпеу, деп хабарлайды Elordainfo.kz.
Оңалтудың техникалық құралдарын ұсынуға жауапты әлеуметтік қорғау органдары 6 айдан астам уақыт бойы аталған азаматтарды негізсіз дыбыстық хабарламасы бар ұялы телефондармен және дыбыс жазу құрылғыларымен қамтамасыз етпеген, бірқатар азаматтар ұзақ уақыт бойы қажетті протездік-ортопедиялық көмекті ала алмаған.
Мұндай бұзушылықтар азаматтардың өмір сүру сапасына теріс әсер етеді, олардың әлеуметтік бейімделу мүмкіндіктерін шектейді.
Ден қою шараларымен аталған адамдар сурдо және тифлопедиялық құралдармен, сондай-ақ протездік-ортопедиялық көмекпен қамтамасыз етілді.
Жауапты лауазымды тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды.