07.11.2025
RU
Мәзір

Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Аңсар Ниетқалиев ITF Juniors турнирінде үш рет топ жарды

|
Photo: Қазақстан теннис федерациясынан
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Аңсар Ниетқалиев ITF Juniors турнирінде үш рет топ жарды

|
Photo: Қазақстан теннис федерациясынан

14 жастағы қазақстандық теннисші Аңсар Ниетқалиев жасөспірімдер арасындағы ITF Juniors турнирінде үш рет жеңімпаз атанды, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Аңсар алдымен Түркияның Бурса қаласында өткен J30 санатындағы жарыстың финалында жергілікті спортшы, доданың 5-ракеткасы Берке Окумусты айқын басымдықпен ұтты – 6:2, 6:0.

Бір аптадан кейін қазақстандық теннисші Түркияның Адана қаласында дәл осындай турнирде көзге түсті. Ол жұптық сында отандасы Хақназар Жеткербаймен бірге ақтық бәсекеде түркиялықтар Гюлер/Конияны тізе бүктірді – 6:7 (5:7), 6:3, 10:8.

Аңсар үшінші жеңісіне туған жерінде қол жеткізді. Ол Алматыда жаңадан ашылған «Алатау» теннис орталығында J60 Almaty Open жарысында үздік атанды. Аңсар Ниетқалиев финалда өзінен әлдеқайда тәжірибелі, тағы бір қазақстандық Олжас Есеналыға мүмкіндік бермеді – 6:2, 6:2.

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗