Алматы облысында есірткі өндіретін жасырын зертхана жойылды

2 маусым, 2026
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
Алматы облысында есірткі өндіретін жасырын зертхана жойылды
Фото: ҰҚК

Ұлттық қауіпсіздік комитеті синтетикалық есірткі өндіретін жасырын зертхананың қызметін тоқтатты, деп хабарлайды Elordainfo.kz Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Алматы облысында психотроптық заттарды дайындап жатқан жерінде Қазақстан азаматы ұсталды.

Тінту барысында 3 кг психотроптық «а-PVP» заты, кристалдану сатысындағы 15 кг өнім, 700 литр прекурсорлар мен зертханалық жабдықтар тәркіленген.

Қылмыстық кодекстің 297-1-бабының 3-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Сот санкциясымен ұсталған адамға қатысты «күзетпен ұстау» бұлтартпау шарасы таңдалды.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-тармағына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.