Алматы автобусындағы төбелеске қатысты қылмыстық іс қозғалды

Бүгін, 11:02
Думан Аманжол Думан Аманжол
Алматы автобусындағы төбелеске қатысты қылмыстық іс қозғалды
Фото: instagram.com/almaty.police

Алматыда қоғамдық көлікте жолаушылар арасында төбелес болды. Оқиға сәті әлеуметтік желілерде тарады, деп хабарлайды Elordainfo.kz.

Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, аталған факті бойынша Түрксіб аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады. Күдіктілер ұсталып, Алматы қаласы полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалды.

«Жанжалға қатысушылардың әрқайсысының әрекетіне принципті түрде құқықтық баға беріледі. Мұндай агрессивті және қоғамға қауіпті мінез-құлыққа жол берілмейді. Кінәлі тұлғалар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілікке тартылады», - делінген хабарламада.

Полиция азаматтарды арандатуға ермей, жанжал туындаған жағдайда күш қолданбай, мәселені бейбіт жолмен шешуге шақырды.

Еске салсақ, ІІМ азаматтармен онлайн байланыс орнатып, әлеуметтік желілер арқылы 778 өтініш қабылдады.