11.11.2025
RU
Мәзір

Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Ғалия Тынбаева дзюдодан Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды

|
Photo: Фото: Спортты дамыту дирекциясынан
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Ғалия Тынбаева дзюдодан Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды

|
Photo: Фото: Спортты дамыту дирекциясынан

Таиландтың Бангкок қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасының өкілі Ғалия Тынбаева қола жүлдеге ие болды, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Спортшы 48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде ел намысын қорғады. Қола жүлде үшін өткен белдесуде Тынбаева Тайбэйден барған Чен Хао Линьге қарсы шықты. Қазақстандық дзюдошы белдесуді сенімді өткізіп, жеңіске жетті.

Сондай-ақ 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде ел намысын қорғаған Шерзод Давлатов те Азия чемпионатында қола медальға ие болды. Ол қола жүлде үшін өткен белдесуде өзбекстандық Бахром Ботуровты жеңді.

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗