Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елімізге Ақаба процесі саммитіне қатысу үшін жұмыс сапарымен келген Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевті елорда әуежайынан шығарып салды, деп хабарлайды Elordainfo.kz Ақордаға сілтеме жасап.
Өзбекстан басшысы Қазақстанға Ақаба процесі саммитіне қатысу мақсатында жұмыс сапарымен келген.
Еске салсақ, Астанада Ақаба процесінің жасанды интеллект қауіпсіздігіне арналған саммиті басталғанын жаздық. Оған Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен бірқатар мемлекет басшысы қатысты.

