Абай атындағы Мемлекеттік сыйлыққа өтінім қабылдау басталды

16 қаңтар, 2026
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Абай атындағы Мемлекеттік сыйлыққа өтінім қабылдау басталды
Фото: Оңалхан Өнерхан

Қазақстан Республикасының Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлыққа өтінім қабылдау басталды, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Бұл марапат ел мәдениетінің дамуына елеулі үлес қосқан отандық және шетел авторларына әдебиет пен өнер саласындағы туындылары үшін беріледі.

Өтінім 1 наурызға дейін қабылданады.

Қойылатын талаптар мен қажетті құжаттар тізімі Мәдениет және ақпарат министрлігінің ресми сайтында жарияланған.

Бұған дейін Назарбаев зияткерлік мектептеріне құжаттарды онлайн тапсыруға болатынан жаздық.