Астанада Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымының сахнасында «Абай әлемі» концерті өтті, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Іс-шара қазақтың ұлы ақыны, композитор әрі ойшыл Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналды.

Кеште «Желсіз түнде жарық ай», «Көк тұман алдындағы келер заман», «Татьянаның хаты», «Қоңыр жел», «Кіші айдай», «Ақтолқын» және басқа да бірқатар туындылары шырқалды.

Сахнада «Халық қазынасы» ұлттық өнер орталығының солистері өнер көрсетті. Қатысушылар қатарында Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Жанғали Жүзбай, Құмарбек Қалқатай, Ерболат Шалдыбеков, Айгүл Елшібаева, Медет Салықов, Клара Төленбаева, Ерлан Рысқали, Ардақ Балажанова, Толғанбай Сембаев; «Мәдениет саласының үздігі» иегерлері Мақсат Медеубек, Бауыржан Бекмұханбет, Перизат Тұрар; «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты Күнсұлу Түрікпен, сондай-ақ халықаралық және республикалық конкурстардың лауреаттары Бауыржан Мұхаметбай, Дарын Құдайберген, Біржан Айтахмет, Айдос Саниязбек, Әлихан Дүйсенбай, Ақерке Тәжібаева, Венера Табыс, Жанту Дадабаев, Жасұлан Кәрім, Ділназ Жаңбырбай, Дәрия Бекпенбет, Рүстем Әмірбеков, Рүстем Нүркенов және Диана Алтайқызы бар.
