06.11.2025
RU
Мәзір

Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Ақтөбе әуежайында көлік-логистика хабы салынады

|
Photo: Фото: Ақорданың баспасөз қызметі видеосынан кадр
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Ақтөбе әуежайында көлік-логистика хабы салынады

|
Photo: Фото: Ақорданың баспасөз қызметі видеосынан кадр

Еліміздің транзит әлеуетін арттыру үшін Ақтөбеде жаңа көлік-логистика хабы ашылады. Бұл туралы «Самұрық-Қазына» қорының басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов мәлімдеді, деп хабарлайды Elordainfo.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Бүгін Анкара қаласына іссапар барысында S Sistem түрік логистикалық компаниясымен кездесу өтті. Кездесуде біздің логистикалық және транзиттік әлеуетімізді талқыладық. Бұл бағыт бойынша «Самұрық-Қазынаның» еншілес компаниясы «Қазпошта» S Sistem компаниясымен бірлескен кәсіпорын құруда. Бұл бірлескен кәсіпорын Ақтөбе әуежайында логистикалық хаб салатын болады», — деді Нұрлан Жақыпов.

Оның сөзінше, жоба келесі жылдың соңына дейін іске қосылады. 

«Бұл жоба бір жағынан біздің транзиттік әлеуетімізді арттырады, сондай-ақ қазақ-түрік қарым-қатынасын нығайтады», — деді ол.

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗