20 жастағы гроссмейстер халықаралық турнирде қола жүлдеге ие болды
4 наурыз, 2025
Фото: Спортты дамыту дирекциясынан
Қазақстандық гроссмейстер Қазыбек Нөгербек Францияның Канн қаласында өткен Festival International des Jeux 2025 халықаралық шахмат турнирінде жоғары нәтиже көрсетті, деп хабарлады Elordainfo.kz.
20 жастағы шахматшы 9 турдың қорытындысы бойынша 7 ұпай жинап, жүлделі үшінші орынға ие болды.
Турнирдің соңғы кезеңінде Қазақстанның екі гроссмейстері – Қазыбек Нөгербек пен 24 жастағы Әлішер Сүлейменов өзара кездесіп, тартысты ойын көрсетті.
Спортты дамыту дирекциясы бұл партия турнирдегі ең қызықты кездесулердің бірі болғанын атап өтті.
Ұқсас жаңалықтар
3 мамыр, 2026
Триатлоннан Қазақстан құрамасы Азия кубогында төрт жүлде жеңіп алды
3 мамыр, 2026
Ахмади Маханов Қытайдағы турнирдің чемпионы атанды
2 мамыр, 2026
Әртістік жүзуден Қытайда өткен Әлем кубогы кезеңінде Қазақстан құрамасы тағы үш медаль иеленді
2 мамыр, 2026
Елордада футболдан діни конфессиялар арасындағы турнир басталды