Жаңажол Қуанышбек жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының жеңімпазы атанды
31 шілде, 2025
Фото: uww.org
Грек-рим күресінен Қазақстан жасөспірімдер құрамасының өкілі Жаңажол Қуанышбек Афинада (Грекия) өтіп жатқан U17 әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Қазақстандық балуан 45 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде топ жарды.
Финалдық белдесуде Қуанышбек Қырғызстаннан барған Нуркерим Кумарбековті жеңді.
Бұған дейін Нұрдәулет Құмарұлы (48 келіге дейін) мен Нұралы Асқар (55 келіге дейін) күміс медаль иеленсе, Шамиль Досбол (65 келіге дейін) қола жүлдегер атанды.
Ұқсас жаңалықтар
21 маусым, 2026
Әлем чемпионатының Америкада өтуі бар сезіміңді су сепкендей басады - Монсон мықтап тұрып айтты
21 маусым, 2026
Қазақстанның пара-каратэ командасы Азия чемпионатында жалпы есепте топ жарды
21 маусым, 2026
Жеңіл атлетикадан Қазақстан құрамасы Азия чемпионы атанды
20 маусым, 2026
Еліміздің сегіз боксшысы Әлем кубогының жартылай финалына шықты