Жеңіс Қасымбек: Астанада қалдықтарды шығарудың цифрлық мониторингтік жүйесі енгізілді
Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек мәлімдеді, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Астана қаласының әкімінің айтуынша, «Таза Қазақстан» жалпыұлттық акциясы аясында 325 заңсыз қоқыс үйінділері жойылып, 120 мың тоннадан астам қалдық шығарылды. Қалдықтарды шығарудың цифрлық мониторингтік жүйесі енгізілді.
«Бұл қызмет көрсетуді, бақылауды қамтамасыз етті және тұрғындардың шағымдарын 99%-ға азайтты. Келесі жылдың екінші тоқсанында шетелдік инвесторлармен бірлесіп тәулігіне 2 250 тоннаға дейін қоқыс жағатын зауыттың құрылысы басталады. Бұл зауыт электр энергиясын өндіреді. Зауыт 2028 жылы іске қосылады», - деді спикер ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.
Оның айтуынша, кешенді жұмыстың арқасында үш жылдың ішінде атмосфераға шығарылатын зиянды заттар 32% азайды. Бұл кәсіпорындар мен тұрғын алаптарын газдандыру, экологиялық көлікке көшу және көгалдандыру жұмыстарының нәтижесі.
Айта кетейік, бұған дейін елордада тіршілікті қамтамасыз ету жүйелерінің қандай нысандары салынып жатқанын жазған болатынбыз.