Жеңіл атлетикадан U20 әлем чемпионаты: Қазақстан құрамасы белгілі болды
Ертең, 5 тамызда, АҚШ-тың Орегон штатында жеңіл атлетикадан U20 әлем чемпионаты басталады, деп хабарлайды Elordainfo.kz Ұлттық олимпиадалық комитетке сілтеме жасап.
Әлем біріншілігінде Қазақстан құрамасының сапында 11 спортшы бақ сынайды. Құрамаға мына спортшылар енді:
- Максим Сажнев (диск лақтыру)
- Шерхан Егізбай (5000 метрге спорттық жүріс)
- Егорь Струков (5000 метрге спорттық жүріс)
- Глеб Гладилов (үш қарғып секіру)
- Кирилл Савченко (400 метрге кедергілер арқылы жүгіру)
- Богдан Гончаров (110 метрге кедергілер арқылы жүгіру)
- Маргарита Стороженко (5000 метрге спорттық жүріс)
- Анна Черкашина (сырықпен секіру)
- Антонина Чернышова (100 метрге кедергілер арқылы жүгіру)
- Алина Головина (100 метрге кедергілер арқылы жүгіру)
- Софья Киденко (400 метрге жүгіру)
Әлем чемпионаты 9 тамызда аяқталады. Дүбірлі додаға әлемнің түкпір-түкпірінен 1800-ден астам жеңіл атлет қатысады деп күтіледі.
Еске салсақ, дзюдодан кадеттер арасындағы әлем чемпионатына қатысатын спортшылар анықталды.