Референдум-2026

Жазасын өтеуден қашқан қарағандылық Ресейден экстрадицияланды

Жазасын өтеуден қашқан қарағандылық Ресейден экстрадицияланды
Бас прокуратура видеосынан скриншоты

Қазақстанның Бас прокуратурасы заңды күшіне енген сот үкімі бойынша тағайындалған жазасын өтеуден жалтарған азаматшаны Ресей Федерациясынан экстрадициялады, деп хабарлайды Elordainfo.kz қадағалау органының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әйел Қарағанды қаласы Әлихан Бөкейхан атындағы аудан сотының 2024 жылғы мамырдағы үкімімен адамдар тобымен алдын ала сөз байласып күш қолдану арқылы тонағаны және бөтеннің мүлкін ұрлағаны үшін кінәлі деп танылған. Сот оған 3 жылға бас бостандығын шектеу жазасын тағайындаған.

Алайда, пробация бақылауында бола тұра, 2025 жылғы наурызда сотталған жазаны өтеуден өз бетінше жалтарған.

Осыған байланысты бас бостандығын шектеудің өтелмеген 1 жыл 4 ай 7 күн мерзімі бас бостандығынан айыруға ауыстырылып, оған іздеу жарияланды.

2025 жылғы қарашада сотталған тұлға Ресей аумағында ұсталды. ҚР Бас прокуратурасының сұрау салуы бойынша ол елге экстрадицияланды.

Бүгінгі күні жазасын әрі қарай өтеу үшін сотталған адам тергеу изоляторына қамалған.

Еске сала кетсек, ҰБТ-ға дайындаймын деп 28 млн жымқырған күдікті Албаниядан экстрадицияланды.