Жаңа Конституция жобасындағы шығармашылық қауымдастыққа қатысты нормалар талқыланды
2 ақпан, 2026
Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі
Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының төрағасы Мереке Құлкеновтің төрағалығымен жаңа Конституция жобасын талқылауға арналған жиын өтті, деп хабарлайды Elordainfo.kz Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жиынға жазушылар мен қоғам қайраткерлері, сондай-ақ Қазақстан Жазушылар одағының мүшелері қатысты.
Талқылау барысында конституциялық реформаның негізгі бағыттары, жаңа Конституция жобасындағы қоғам мен шығармашылық қауымдастыққа қатысты нормалар, сондай-ақ азаматтық институттардың рөлі жөнінде пікірлер мен ұсыныстар айтылды.
Еске салсақ, Премьер-министр жаңа Конституция жобасын халыққа түсіндіру жұмысын күшейтуді тапсырды.
Ұқсас жаңалықтар
24 қыркүйек, 2026
Астанада «Qyzyl Book Art: Дала қазынасы» байқауының жеңімпаздары марапатталды
23 қыркүйек, 2026
Ақтауда «Каспий – достық теңізі» халықаралық фестивалі өтеді
23 қыркүйек, 2026
Астанада ЮНЕСКО аясында мәдени мұраны сақтау жолдары талқыланды
23 қыркүйек, 2026
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Айзат Қарабекова 7 қарашада концерт береді