Юсуф Ашрапов грек-рим күресінен әлем чемпионы атанды

Юсуф Ашрапов грек-рим күресінен әлем чемпионы атанды

Қазақстан құрамасы АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өтіп жатқан 23 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы әлем чемпионатында грек-рим күресінен екінші алтын медалін жеңіп алды, деп хабарлайды Elordainfo.kz Ұлттық олимпиадалық комитеттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

72 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен Юсуф Ашрапов финалдық белдесуде Армения өкілі Гаспар Тертерянды жеңіп, әлем чемпионы атанды.

Осылайша, Қазақстан құрамасының қоржынына грек-рим күресінен екінші алтын медаль түсті.

Еске салайық, бұған дейін 60 келіге дейінгі салмақта елордалық балуан Айбек Айтбеков әлем чемпионы атанған еді. Ол финалда әзербайжандық Эльмир Алиевті 13:4 есебімен жеңді.

Еске сала кетейік, бұған дейін осы жарыста 60 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен астаналық балуан Айбек Айтбеков чемпион атанған болатын.