Түркістанда шекарадан жедел өткізу үшін заңсыз делдалдық ұйымдастырған топ әшкереленді

Бүгін, 11:36
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
Түркістанда шекарадан жедел өткізу үшін заңсыз делдалдық ұйымдастырған топ әшкереленді
Фото: ҰҚК

Түркістанда мемлекеттік шекара арқылы өту кезінде кедендік рәсімдерді жеделдетіп өткізу үшін ауыр жүк көліктерінің жүргізушілеріне заңсыз делдалдық қызметтер ұйымдастырған күдіктілер ұсталды, деп хабарлайды Elordainfo.kz Ұлттық қауіпсіздік комитеті баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

«Жиналған материалдардың негізінде 17 адамға қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды, олардың бесеуі уақытша ұстау изоляторына қамалды», - делінген хабарламада. 

Тінту барысында 5 бірлік атыс және пневматикалық қару, ірі көлемдегі ақша қаражаты, сондай-ақ өзге де заттай дәлелдемелер тәркіленді.

Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Еске салайық, бұған дейін Алматы әуежайында шетелдіктің шабаданынан 21 келі есірткі табылған еді.