Референдум-2026

Түркістан облысындағы тойда түсірілген даулы видеоға қатысты полиция қылмыстық іс қозғады

Бүгін, 09:25
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Түркістан облысындағы тойда түсірілген даулы видеоға қатысты полиция қылмыстық іс қозғады
Фото: видеодан скрин/polisia.kz

Ішкі істер министрлігі Түркістан облысында тойда түсірілген видеоға қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Elordainfo.kz polisia.kz Telegram арнасына сілтеме жасап.

«Әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында Түркістан облысының 66 жастағы тұрғынының діни және әлеуметтік араздықты қоздыру белгілері бар жария мәлімдемелері қамтылған бейнежазба анықталды.

Аталған факті бойынша полиция қылмыстық іс қозғады», - делінген хабарламада.

Министрлік Қазақстан Конституциясы әрбір азаматтың жынысына, тегіне, әлеуметтік жағдайына, дінге көзқарасына және өзге де мән-жайларға қарамастан құқығы мен бостандығының теңдігін қамтамасыз ететінін атап өтті.  

Сондай-ақ сөз бостандығы жауапкершіліктен босатпайтынын ескертіп, заң талаптарын бұзу белгілері бар кез келген жария мәлімдемеге құқықтық баға берілетінін ескертті.

Еске сала кетейік, әлеуметтік желіде бейәдеп сөздер айтқан елорданың екі тұрғыны жауапқа тартылды.